Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлдағы базарлар қайта жөндеуден өтуде

Юрий Кузнецов – “Рынок Дария” ЖШС директорының орынбасары:

–  Бұл мақсатқа шамамен 10 миллион теңгедей қаражат жұмсадық. Негізінен, біз ғимараттың шатыры мен төбесінің ішкі жағына жөндеу жүргіздік. Оған қоса базарды тоқ көзімен қамтитын барлық электр сымдарын жаңасына алмастырдық.

Сондай-ақ, сауда нүктесінің айналасына қажеттісін алуға келетін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камераларды орнатылған. Мәселен, мына жерде сатушылар жаздың ыстығы мен қыстың аязына қарамастан шатыр астында тұрып сауда жасап келген. Енді міне олардың орнына жаңадан 50 сауда павильоны пайда болды. Осындай тың өзгерістерді байқап көруге бүгін облыс әкімі Ерік Сұлтанов келді. Базар басшылығы өңір жетекшісіне алдағы уақытта тындырылатын істермен таныстырды. Бұл ең бірінші кезекте сатушылар мен тұрғындардың жайлылығы үшін жасалып жатқан шаруа деді серіктестік директорының орынбасары Юрий Кузнецов. Облыс әкімі атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Ал “Алатау” базарындағы жағдай мүлдем басқа. Бұл жердегі жабық сауда павильондарының жанында контейнерлер орналасқан. Бұл олқылықты түзету қажет деді аймақ жетекшісі.

– Надо здесь такое же здание делать. Это пока контейнеры, надо делать по-современному.

Базар басшысы Василий Филипповтың айтуынша, сауда орны тек келер жылдан бастап жаңа кейіпке енбек. Ал әзірге, орталықтың бас жоспары ғана құрылған. Ал қайта жөндеуден өткен “Олжа” базарын алдағы ақпан айында халық игілігіне тапсыру көзделіп отыр.

Сәуле Айсенова “Олжа” базарының директоры:


– Болашақта бұл маңда сауда орындарын орнатамыз. Нысан ашылысымен жаңадан жұмыс орындары ашылады

Ғимараттағы жаңғырту жұмыстары “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында жүргізіліпті. Жобаның құны – 140 миллион теңге.

 

Бакыт Садуакасов