Денсаулық сақтау

“Биосфера” дәріханасында Елатом құрылғылар зауытының кезекті көрмесі ашылды

Батима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– Зауыт құрылғыларының барлығы денсаулыққа пайдалы. Мәселен, “Стимэл-01” аппараты қабынуды, ауырсынуды басатын дәрінің орнын алмастыра алады. Егер құрылғыны денеңіздің ауырған жеріне бассаңыз, 6 сағатқа дейін жаныңыз жай табады.

Шипасы бар тағы да бір құрылғы “Унилор” деп аталады. Құрылғы гайморит ауруын емдеуге көмектеседі. Тек ол үшін аппаратты 7-10 күн бойы үзбей қолдану қажет. Көрмедегі келесі бір қондырғы – “Мавит”. Ол ерлердің қуықалды безінің қабынуын емдеуге сеп болады.

Батима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– “Мавит” – физиотерапевтік құрылғылардың ішінде сұранысқа ие аппараттың бірі. Бұл простатит ауруын емдеу үшін шығарылған. Арнайы магнит өрісі арқылы ауырған жерге жылу беріп, массаж жасайды. Бір ескеретін жайт, қондырғыны дәрігердің нұсқауымен қолдану қажет.

Көрме қарашаның 16-ы мен 20-ы аралығында Петропавл қаласындағы Абай көшесі, 96 мекен жайы бойынша орналасқан “Биосфера” дәріханасында таңғы сағат 11-ден кешкі сағат 19-00-ге өтеді. Қажетті мәліметті білгіңіз келсе 8-705-331-70-17 нөміріне хабарласуға болады.

 

Бакыт Садуакасов