Балалар

Петропавлда облыс әкімінің кубогы үшін халықаралық КВН фестивалі өтті

Евгений Пеньков – СҚО орыс КВН лигасының жетекшісі:

– Бүгінгі кеште бізге қонаққа көрші мемлекеттен Омбы, Уфа және Ресейдің бірнеше қаласын біріктірген командалар келді. Сонымен қатар Қазақстанның бірнеше аймақтарынан да құрамалар бүгін бақ сынасады. Жалпы ойын қызықты өтеді деген сенімдемін.

Фестивальге алыстан ат терлетіп келген командалардың бірі ол “От Волги до Енисея”. Көршілес мемлекеттен келген құрама Ресейдің бірнеше қаласының әзілкештерінен жасақталыпты.

Жалпы команда бұл фестивальге қызықты дайындалған. Барлығы әр қаладан болғандықтан бір-бірімен әлеуметтік желі арқылы хабарласып, өздерінің сценарийлерін әзірлепті.

Алексей Исаков – “От Волги до Енисея” командасының мүшесі, РФ:

– Біздің құрамада Пермь, Қорған, Первоуральск, Екатеринбург және Сантк-Петербург сынды қалалардың өкілдері бар. Барлығымыз бірнеше жыл бұрын дәл осы қалада, осы фестивальде танысқанбыз. Онда әрбіріміз басқа команда сапында ойнадық. Кейін осылай бірігу туралы ой туды. Жалпы әзілдеріміз үлкен жастағы көрермендерге арналған. Көбіне саясат жайында.

Дәстүрлі әзілкештер сайысында біздің өңірдің намысын бірден бес құрама қорғауда.
Бірі тек қыздардан құралса, енді бірі барлық колледж бен университет студенттерінің басын біріктіріпті. Сондай-ақ мұнда ардагер ойыншыларда, өңірімізге әйгілі “Северная границада” өз бақтарын сынауда.

Сөйтіп әне міне дегенше езу жидырмаған әзілкештердің кеші өз аяғына да келіп жетті. Фестиваль қорытындысы бойынша үздік үштікті Ақмола облысының жастары тұйықтады, ал күміс жүлдені Уфа құрамасы иеленсе, Омбылық “Знакомые лица” командасы қанжығаларын бірінші орынмен майлады. Ал бас жүлде облыс әкімінің кубогын бұл кеште әзілі мен сәні жарасқан “Северная граница” иеленді.

Данис Нұрмұхаметов – “Северная граница” командасының мүшесі:

– Шынымды айтсам біз КВН-ды ұзақ жылдар бойы ойнап келеміз. Соңғы уақытта біраз үлкен сахнаға шыққан жоқпыз. Енді міне дайындалып, бағымызды сынап көргенбіз. Жеңімпаз атандық. Бұндайды күтпеп едік.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді өңір жетекшісінің орынбасары Анархан Дүйсенова диплом және де бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Риат Шони