Денсаулық сақтау

Жерлестеріміздің 94 пайызы тұмауға қарсы екпе алған

Юрий Пузиков – СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жетекшісінің орынбасары:

– Облысымызда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен жылдың сәйкес мерзімімімен салыстырғанда өткір респираторлық ауру қоздырғыштарын жұқтырғандар саны 1,5 пайызға төмендеді. Күннің суытуына байланысты осы вирусқа шалдыққандар жайлап тіркелуде.

Ағымдағы жылы жерлестерімізге екпе егуге облыстық бюджет есебінен 50 мың доза дәрі жеткізіліпті. Бүгінде тұмауға қарсы вакцина солтүстікқазақстандықтардың 94 пайызына егілген. Сол себепті, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары вирусқа қарсы дәріні кешіктірмей егуге кеңес береді.

Юрий Пузиков – СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жетекшісінің орынбасары:

– Екпе жүкті, мектеп жасындағы оқушылар мен зейнеткерлерге тегін егіледі. Бұл жұмыстарды желтоқсан айына дейін жалғастыратын боламыз. Тағы облыстағы әлеуметтік және жеке дәріханаларда тұмауға қарсы дәрі-дәрмектер саны жеткілікті мөлшерде.

Мамандар өңірге тұмаудың алғашқы толқыны желтоқсан айының соңында келеді деп болжауда. Жалпы тұрғындар өткір респираторлық вирустан түрліше сақтанады. Осы орайда біз қалалықтардан бұл дерттен қалай қорғанып, қалай алдын алуға болатындығын сұрастырдық.

– Үйге тұмауға қарсы дәрі-дәрмектерді алып қойғанмын. Жақында вирусқа төтеп беретін вакцинаны ектірдім.

– Өз басым қыс мезгілінде таңқурай қосылған шай ішемін. Балды да жиі тұтынамын.

Бакыт Садуакасов