Бизнес және экономика

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ 18 мыңыншы салымшысы марапатталды

Әлия Бегалина – М. Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі:

– Мемлекет тарапынан 20 пайыз сыйақы түседі дегенді естіп тез арада осында келген болатынбыз. Сосын бірден есеп-шот аштық. Менің ойымша осы бағдарлама жас отбасыларға өте тиімді.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалында 5700 адам депозит ашқан. Олар барлық салымның сомасы 8,9 млрд теңгені құрайтын келісім шартқа қол қойыпты. Ал, осы жылы халыққа 3,4 млрд теңгенің 740 несиесі берілген.

Райхан Абдрахманова – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директоры:

– Біздің банктің баспа банктерден артықшылығы мемлекет тарапынан көмек өте көп. Біріншіден – әр салымшыға 20 пайыз сыйақы беріледі. Пайыздарымыз басқаларға қарағанда төмен. Айтар болсақ, 3,5-5 пайызға дейін.

Сондай-ақ, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жергілікті филиалы үстіміздегі жылы салымшыларына 93 және 45 пәтерлік 2 үйді тапсырған. Жыл соңына қарай дәл осындай 2 баспана өз иелерін таппақ.

 

Култанов Байболат