Құқық қорғау органдары

Қараусыз қалған мал ұрылардың құрығына түсіп жүр

Тәртіп сақшылары М.Жұмабаев ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында мал ұрлығының алдын алуға бағытталған шаралар мен профилатикалық жұмыстардың нәтижесі айтылды. Осы жерде ІІД-ті жанынан құрылған қоғамдық кеңес мүшелері де аталған мәселе төңірегінде ойларын ортаға салды. Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе қараусыз қалған мал жиі ұрылардың құрығына ілігеді.

Қайрат Бимендин, М.Жұмабаев аудандық ІІБ бастығының орынбасары:


– Жуықта бақташы,тұрғындар мен округ әкімдігі арасында үш жақты келісім-шарт жасалды. Құжатта көрсетілгендей, мал басының түгендеулі болуына бақташы да жауапты. Өйткені көршілес Новотроицкое селосында өрісте жайылып жүрген 35 бас жылқы бір мезгілде жоғалып кетті. Бүгінде бір бөлігі табылды. Қалғандарын іздестірудеміз. Тағы айтарым, көп жағдайда мал иелерінің өздері де кәнілі болып жатады. Малдарын қараусыз қалдырады. Қоралары жыртық-жамау, есігін құлыптаусыз қалдырады.

Берик Касен