Спорт

Петропавлдық “Құлагер” командасы Оңтүстікқазақтаннан 6 ұпаймен оралды

Бұл жолғы ойын қызыққа толы болды. Кездесу басталысымен 30 секунд өтпей жатып “Құлагер” командасының капитаны Ильгиз Нуриев қонақтарды алға шығарды. Ал бірінші периодтың соңына таман алматылық Александр Майер есепті теңестірді. Келесі 20 минуттықта алаңдағы ойыншылар басымдығын пайдаланған жерлестеріміз Янне Лааконеннің арқасында алға шықты. Бірақ үш минут өткеннен кейін Александр Трофимовтың жойқын соққысы таблодағы есепті 2-2 қылды. Ал кездесудің 46-шы минутында алаң иелері бірінші рет алға шықты. Бұл жолы тағы да шабуылшы Александр Трофимов ерекшеленді. Ал бұған жауап ретінде қорғаушы Тони Видгрен алматылық жанкүйерлердің көңілін түсірді. Есепті теңестірген Вячеслав Белан шәкірттері мұнымен тоқтап қалған жоқ. Ойынның аяқталуына бір минут қалған Владислав Никулин солтүстікқазақстандықтарға екінші жеңісті сыйлады. Кездесу 3-4 есебімен аяқталып, петропавлдық ұжым қоржынға 6 ұпай салды. Ал “Құлагер” командасының кезекті ойыны қарашаның 21-і мен 22-і күндері Спорт сарайында өтеді. Онда жерлестеріміз атыраулық “Бейбарыспен” күш сынасады. Бұл ойындар кешкі сағат 17-00-де басталады.

 

Риат Шони