Қоғам

Азаматтық секторды дамыту

Бүгін солардың көпшілігі облыс орталығында бас қосып, «Азаматтық секторға мемлекеттік қызметтерді беруге мүмкіндік беретін тетіктер, қаржыландыру тәсілдері» атты дөңгелек үстел өткізді. Айта кету керек, талқыланған тақырып негізіндегі идея – Елбасының бастамасы.

Сергей Худяков – «СҚО Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрағасы:

– Осындай шаралар қазір еліміздің барлық аймақтарында жүргізілуде. Мұндай идеяны Елбасының өзі ұсынғандықтан, жиынға қатысушылар тақырыпты белсенді түрде талқылап жатыр. Кейін айтылған барлық ойлар сарапталып, 25 қараша күні республикалық конференцияда ортаға салынады. Сөйтіп, әр өңірден түскен пікірлерді жинақтап, Қазақстанның Азаматтық Альянсы атынан мәдениет және спорт министрлігіне жолдайтын боламыз.

 

Магжан Ахмадина