МТРА жаңалықтары

Жастар есірткіге қарсы

Ал спотшылар болса жетістіктері жайлы баяндады. Сондай-ақ, жиын барысында оқушыларға есірткі тұтынудың салдары жайында фильм көрсетілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай көңілді шараларды жиі өткізудің арқасында өскелең ұрпақтың өмірге құштарлығын арттырып, оларды жаман әдетерден аулақ ұстауға болады. Ресми мәлімет бойынша бүгінде обыстық наркологиялық орталықта 700 адам есепте тұр. Оның 10-ы кәмелет жасына толмағандар. Жалпы жыл басынан өңір тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 300 келіден астам есірткі затын тәркілеген.

Кирилл Николайчук, оқушы:

– Мұндай акцияға бірінші рет қатысып тұрмын. Мен салауатты өмір салтын қолдаймын. Темекі, арақ деген ағзаға зиянды заттардан аулақпын. Оданша спортпен шұғылданған әлдеқайда жақсы.

Берик Касен