Спорт

Петропавлдық “Құлагер” командасы сырт алаңда “Алматы” ХК тізе бүктірді

Тартысты ойынның алғашқы периодында қонақтар аздаған басымдық көрсетті. Дегенмен де есеп ашылған жоқ. Ал кездесудің екінші кезеңінде жерлестеріміз үшін ұтымды сәт туып, Вадим Желобнюк қорғаған қақпаға буллит соғу белгіленді. Бірақ, оны орындаған теріскейлік шабуылшы Владислав Никулин алматылық спортшыдан айласын асыра алмады. Осылайша, екінші 20 минуттықта 0-0 есебімен аяқталды. Ойынның үшінші кезеңінде жерлестеріміз ақыры қарсыластарының қақпасына гол соқты. Алғашқы шайбаның авторы қорғаушы Ансси Рантанен атанса, соңғы жеңіс голын команда капитаны Ильгиз Нуриев соқты. Бұл жеңістен кейін петропавлдық ұжым туринирлік кестеде 32 ұпаймен 8-ші орынға тұрақтады. Қос команда арасындағы қарымта ойын бүгін сағат кешкі 19-00-де өтеді.

Риат Шони