Бұл мәртебелі марапат қазақ тілінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген жандарға 2009-шы жылдан беріліп келеді. ҚР құрметті журналисі Зарқын Тайшыбай – бүгінгі таңда түрлі тақырыптағы жалпы саны 25 кітап пен жинақтың авторы. Биыл комиссия мүшелері 100-ге жуық ұсыныстың арасынан тек 21 үміткерді іріктеп алған. Ал комиссия мүшелері жерлесеміздің “Атамекен атаулары” атты еңбегін жоғары бағалаған.
Зарқын Тайшыбай – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры:
– Осы жасқа келгенше бірталай марапаттарды көріп жүрміз ғой. Соның ішінде мен үшін қазақ тілі үшін, сол тілге сіңірген азғантай еңбегім үшін алған ішіндегі ең маңызды марапат осы деп есептеймін. Дәл осындай марапат басқа адамдарда жоқ, маман иелерінің барлығына беріле бермейді.
Бакыт Садуакасов