МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік рәміздердің жаңа стандарттары

Бейбіт Әбілев – ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы :

– Ұлттық компания. Холдингтер бар. Олардың аймақтық бөлімшелері бар. Солардың ғимаратында, басшыларының кабинеттерінде орналастырылуы тиіс. Бұрынғы заңда бұл көрсетілмеген.

Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жасаған орын оның келесі жағына шыққан жерін және стандарттарын жазып отыруы тиіс. Ол да енгізілген жаңа талаптардың бірі. Айта кетейік, өңірде ондай кәсіпорындар жоқ. Сондықтан, теріскейліктер рәміздерді Алматы, Астана және Қарағанды өндірушілерінен алады екен. Бұл басты жаңашылдық емес, бұдан бөлек, Елтаңбаның түсі, формасы және өлшемдері өзгеріске ұшыраған. Енді ондағы әр бөліктің атауы пайда болып, бұрынғы 36 элементтің саны 41-ге артқан.

Бейбіт Әбілев – ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

 


–  Елтаңбадағы әрбір детальдың өзінің атауы бар. Керегеден төмен қарай мына затты желбау дейді. Соған міне сақиналар орнатқан. Бұрынғыда ондайлар жоқ та. Тағы түсі өзгертілді. Енді мына көгілдір түс ашықтау бұрынғыға қарағанда.

Өзгерістер 2016 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енбек. Бірақ, мемлекеттік мекемелер 2017 жылдың 1-ші шілдесіне дейін қазіргі рәміздерді қолдана алады. Содан кейін алмастырмаса жауапкершіліккке тартылатын болады. Жалпы жыл басынан мамандар 32 мекемеде тексеріс жұмыстарын жүргізіп, 8-іне түрлі қателіктерді түзету жөнінде ескерту жасаған.

Магжан Ахмадина