МТРА жаңалықтары

СҚО-да ең үздік жас жұмысшы байқауы өтті

Виктор Звягинцев, “ПАМЖЗ” АҚ қырнаушысы:

– Жеңімпаз атанамын деп ойлаған жоқпын. Қатты қуандым. Еңбегімнің нәтижесі деп білемін. Петропавл ауыр машина жасау зауытында үш жылдан бері қызмет етемін. Ұдайы ізденіс үстінде жүремін. Менің жұмысым – темірді қырнап, қашап, керек құрал-саймандарды жасап шығару. Мамандығымды мақтан етемін.

Байқауға 18-29 жас аралығындағы 20 жұмысшы қатысқан екен. Олардың әрқайсысы өз мамандығына қатысты слайд ұсынып, сауалнама толтырған. Оның ішінен облыстық «Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық ұйымының мүшелері лайық, өз саласының үздігі деген 5 адамды іріктеп алыпты.

Абылайхан Қайроллаев, «СҚО Жастар мәслихаты» ЖҚҰ төрағасы:

 

– Сайыс қазан айында бастау алды. Әр аудандардан және облыс орталығының қызметкерлері байқау шарттары бойынша берілген тапсырмаларды электорнды почта арқылы жіберді. Бүгін соның ішінен іріктелгендер марапатталуда. Жалпы сайыс жыл сайын өтеді. Биыл жастар ұйымы алғаш рет өткізіп отыр.

5 мамандық бойынша үздік атанған жеңімпаздар арнайы дипломмен қатар бағалы сыйлықтың сертификатын иеленді.

Акбопе Танирберген