МТРА жаңалықтары

Петропавлда тұрғын үй өртке оранды

Жанғали Илиуп – Петропавл қаласы ІІБ жол патрульдік полиция батальонының полицейі:

– Біз таңғы 5.30 да Шәжімбаев пен Рижсакая көшелерінің қиылысында тұрғын үйдің жалынға оранып жатқанын көрдік. Бірден жедел жоспарлау орталығына хабарлап, ғимараттағы адамдарды эвакуациялауға кірістік
Кейін қолда бар нәрсемен өртті тоқтатуға тырыстық. Үй маңында құдық бар екен. Жақсы болды. Сол жерден шелекпен су тасыдық.

Ажалдан аман қалған тұрғын болса тәртіп сақшыларына шексіз алғысын білдіруде.

Игорь Трубчинский:

 


–  Менің өмірімді құтқарып қалды. Онымен қоса үйім де өрттен аман қалды. Бұл кісілерге айтар алғысым зор. Нағыз полицейлер осылай қызмет ету керек. Рахмет.

Танытқан қырағылықтары мен сауатты әрекеттері үшін полицейлерді облыстық ІІД-нің бастығы Берік Біләлов алғыс хаттармен марапаттады.

Айгерим Ержанова