Спорт

Жанат Жақиянов “уақытша” әлем чемпионы атанды

Қазақстандық кәсіби-боксшы бұл жетістігіне жету үшін 7 қараша күні Монаконың Монте-Карло қаласында венесуэлалық Йонфреса Парехомен қолғап түйістірген болатын. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Кездесуді таразылаған төрешілердің шешімімен жеңіс қазақстандық спортшыға берілді. Қазылар мүшелерінің екеуі (115-113, 116-113) есебімен жерлесімізді чемпион деп таныса, ал біреуінің бүйрегі (116-112) көрсеткішімен Парехоға бұрған.

Жеңімпаз жерлесімізге жексенбі күні СҚО әкімі Ерік Сұлтанов құттықтау жеделхатын жіберді. “Құрметті Жанат! Сізді талай жылдық еңбегіңіз арқылы жеткен жеңісіңізбен құттықтаймын. Шын мәнінде сіздер 12 раунд бойы бір-біріңе лайық қарсылас болдыңыздар. Алайда, сіздің өзіңізге тән сенімділігіңіз бен шыдамдылығыңыздың арқасында қиынға соққан кездесуде қарсыласыңызға дес бермей, “уақытша” әлем чемпионы атандыңыз. Жанат сіз толықтай жанкүйерлеріңіздің сенімін ақтап Қазақстанды тағы да бір әлемдік спорт аренасында таныттыңыз.”-делінген СҚО әкімінің жедел хатында.
Еске сала кетейік, кәсіпқойлар шаршы алаңында 32 жастағы Жанат Жақиянов 27 кездесу өткізіп үлгерген. Соның тек біреуінде жеңіліс тапқан. Ал, 18 жекпе-жегін жерлесіміз уақытынан бұрын нокаутпен аяқтаған.

Култанов Байболат