Құқық қорғау органдары

Қолына қару алып банк тонамақ болған петропавлдық қолға түсті

Сергей Кириенко – “Күзет и К” ЖШС күзетшісі:

– Ол басқа жаққа қарап қалған кезде мен қолында тұрған тапаншаға жармасып, тартып алдым. Артынша ол шолақ мылтықты алып атпаққа әрекеттенді. Менің қолымда тартып алған тапаншасы болған, мұқият қарап едім пневматикалық екен. Аяғынан бір рет атып, шолақ мылтығын алып қойдым. Кейін полицияны шақыртып, қылмыскерді соларға тапсырдық.

Осы уақытта жақын маңды барлап әскери қызметкерлер жүрген екен. Солардың көмегімен Сергей Кириенко қылмыскерді құрықтап, тәртіп сақшыларының қолына тапсырыпты. Кейін банкке басып кірген жігіттің облыс орталығының 19 жасар тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда қолға түскен заң бұзушы уақытша ұстау изоляторында. Бұл іске қатысты сотқа дейнігі тергеу жұмыстары жүруде. Кінәсі мойындалған жағдайда ол 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Күдікті:

– Қолыма тапанша алып банкке кірдім. Барлығына жатыңдар деп бұйырып, ақша сұрадым. Кейін мені күзетшілер ұстап алды. Қателік жасағанымды мойындаймын.

Қрақшыны ұстауда ерлік танытқаны үшін Сергей Кириенко мен әскери қызметкерлер облыстық ІІД-ің бастығы Берік Біләловтің атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Риат Шони