Құқық қорғау органдары

Қазақстанда “Жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығы” акциясы жалғасуда

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары жолаушылар тасымалының бұзылмауына қатысты рейдтік шаралар өткізуде. 8 қараша күні полицейлер такси көлігін ұстады. Анықтай келе, бұрындары көлік иесі темір тұлпарды мас күйінде тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен айырылыпты.
Осыған қарамай құжатсыз жұмысын жалғастырған. Қазір құқық қорғаушылар машинаны айып автотұрағына қойған. Ал, жүргізушіге 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 20 мың теңгенің көлемінде әкімшілік хаттама толтырған. Бір күннің өзінде полицейлер жол жүру ережелеріне қатысты 303 заң бұзушылықты анықтапты.

Дмитрий Фионин, Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция батальоны штабының бастығы:


–  Акция барысында қоғамдық көліктер мен таксилерге көп назар салынады. бірқ, темір тұлпарды құжаттсыз басқаратындар азаймай тұр. Ішімдік ішкен жүргізушілер де кездесіп жатады.

 

Култанов Байболат