Спорт

Петропавлда “Нептунчики, алға” отбасылар сайысы өтті

Олеся Загаевская – “Нептун” фитнесс-клубының менеджері:

– Біздің бүгінгі жарысымыз мектеп оқушыларының демалысының басталуына орайластырылған. Бұл шара арқылы біз “Нептун” аквапаркінде жүзумен айналысатын балалардың нені үйренгендігін көрсеткіміз келді. Негізі олардың саны 100-ден астам. Арасында 3 айлықтан бастап 3 жасқа дейінгі аралықтағы топ бар. Бүгін барлығы өздерінің шеберліктерін шыңдайтын болады.

Жарысқа қатысушылардың қатарында 8 жасар Арина Мельниченко да бар. Балғын қыз суда жүзумен осы жаздан бастап айналысады. Алғашқы сайыста бағын сынаған Арина өкінішке қарай жүледелі орынға іліге алмаған. Ал бүгін жас жүзушіні ата-анасы да қолдауға келіпті.

Александр Мельниченко:


–  Мұндай сайыстардың ұйымдастырылғаны өте пайдалы. Балаларды кішкентайынан спортқа бейімдеу қажет. Өз қызым аз уақыт суда жүзумен айналысса да нәтижесі жаман емес.

Арина Мельниченко:

– Маған суда жүзген ұнайды. Онда денең дем алып, рақаттанасың. Алдағы уақытта осы спорт түрімен тұрақты түрде айналысуды жалғастырамын.

Жалпы “Нептунчики алға” сайысына бірнеше байқау кіреді. Алғашында балғындар өзара мықтыны анықтаса, кейін отбасымен бірге күш сынасты. Спорттық шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушылар аквапаркте тегін демалу мүмкіндігіне ие болды.

 

Риат Шони