Спорт

Петропавлда боулингтен 7-ші қалалық турнир өтті

Асылхан Телегенов – жарысқа қатысушы:

– Бұндай жарысқа мен 2-ші рет қатысып отырмын. Боулинг ойыны маған өте ұнайды. Жалпы, бұл спорт түрімен айналысып жүргеніме 2 жылдың жүзі болды. Бүгінгі жарыста қарсыластарыма сәттілік тілеймін.

Қалалық турнирге 6 мен 17 жас аралығындағы барлығы 30 оқушы жиылды. Ойынға олар әрқайсысы 1200 теңге жарна төлеп қатысуда.

Гүлнар Мурсалимова – “Bowling Centre №1” ойын-сауық кешені директорының орынбасары:

– Бұл жарыс 3 турдан тұрады. Бірінші айналымда барлық қатысушалыр бақ таластырады. Екіншісінде, іріктеу кезеңде 12 оқушы сынға түседі. Ал, ақтық кезеңде 6 бала сайысатын болады.

Жалпы, бұндай қызықты жарыс мектеп оқушылары арасында жыл сайын өткізіледі. Турнирдің ең үздік ойыншысына диплом, медаль, жеңімпаз кубогі және 10 мың теңге сомасында ақшалай жүлде табысталады.

 

Сагыныш Маркашева