МТРА жаңалықтары

Елордадан жеткен ән шашу

Бір қызығы өңірге аталмыш жұп концерттік бағдарламамен осымен екінші рет келіп отыр. Олар теріскейлік тыңдаушыға әрқашан жаңа туынды әкелуге тырысамыз дейді. Дегенмен, осы жолы бағдарламада түрлі ұлттардың тілінде әндер шырқалмақ.

Ринат Дусумов- әнші, Астана қаласы:

– Біз мұнда «Коперник» бірлестігінің шақыртуымен келіп отырмыз. Өзім осы өңірдің тумасы болғандықтан туған жерге келіп, концерт беруді жөн санадым. Бүгін поляк, украин, орыс және қазақ әндерін шырқаймыз. Жалпы біздің ұжымымыз интерноционалды дуэт. Сондықтан әр ұлттың туындыларын орындау біз үшін парыз деп білемін.

Жұп концертті Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойы мен 11 қараша күні тойланатын Польша Республикасының тәуелсіздігіне арнапты.

Анатолий Крашевский- «Коперник» поляк мәдени орталығының төрағасы:

– Поляк ұлтынан болғандықтан бұл біз үшін маңызды мереке. Отанымыздан алшақ болсақ та, тарихты ұлықтау, білу парыз. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тату- тәтті тұрмыс кешеді. Сондықтан да біз үшін қазақ жері достық пен ауызбіршіліктің даласы болып табылады. Бұл біздің Отанымыз. Біз оны мақтан тұтамыз.

Жалпы бүгіндері облыста 16 мыңнан астам поляк тұрады.

Магжан Ахмадина