Балалар

Жас суретшілер республикалық байқауда жүлдегер атанды

Айта кетерлігі барлығының тақырыбы әр түрлі. 11 жастағы Айнұр Матиеваның жұмысы тіптен қызық. Өнерпаз қыз қағаз бетіне өзінің отбасын бейнелепті. Сол үшін жас талант “Балалар әлемді бейнелейді” байқауында жүлдегер атанған.

Айнұр Матиева – суретші:


– Мен өзімнің отбасымды салдым. Оған 1 күн уақыт жұмсадым.

Конкурс Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс пен ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына арналып өткізілген. Оған еліміздің ең мықты деген жас суретшілері қатысыпты. Жерлестеріміз байқауға жалпы саны 48 жұмыс жіберген. Соның 34 қазылардың көңілінен шыққан.

Айжан Даиырова – “ЮНЕСКО” клубы көркемөнер лицейінің бейнелеу өнер мұғалімі:

– Бұл конкурс жыл сайын өтеді. Оған 3 жастан 17 жасқа дейінгі жас суретшілер қатысады. Туындыларды бағалайтын қазылар суреттің салыну барысы мен қандай құралды қолданғандығын ескереді. Биыл айымыз оңынан туып біраз оқушыларымыз жүлдегер атанды. Олардың барлығы мақтау қағаздары және естелік кітаптармен марапатталды.

Жас өнерпаздар алдағы уақытта осы сында байқауларға қатыспақ.

Култанов Байболат