Білім

Петропапвл қалалық қызмет көрсету саласы колледжіне 85 жыл

Анархан Дүйсенова, облыс әкімінің орынбасары:


– Құрметті жиылған қауым, сіздерге адал еңбектеріңіз үшін зор алғыс айта отырып, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Мерейтой құтты болсын.

Осыдан кейін Анархан Дүйсенова колледждің бірнеше оқытушысына және директоры Алтынай Қожахметованы өңір жетекшісінің құрмет грамотасымен марапаттады. Облыстық білім бөлімі де өз кезегінде көп жылғы еңбегі үшін бірқатар мамандарға алғыс хат табыс етті. Марапатқа ие болғандардың бірі – Сәуле Абдықадырова. Нәзікжанды білім ұясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 15 жылдан бері сабақ береді.

Сәуле Абдықадырова, Петропавл қалалық қызмет көрсету саласы колледжінің оқытушысы

– Ұжымымыз өте тату. бірлесіп жаңа жетістіктерге ұмытыламыз. Өз кәсібін ашқан студенттеріміз де жиі келіп тұрады.

Руслан Рахматулин – қалалық қызмет көрсету саласы колледжінің 2010 жылғы түлегі. Аспаз мамандығына оқыған жігіт бүгінде өзінің кәсібін ашыпты. “Білім алған ошағымды мерейтойымен құттықтауға арнайы келдім”, – дейді ол. Жалпы оқу орны 85 жылдың ішінде 25 мыңнан артық маман даярлаған екен.

Руслан Рахматуллин, Петропавл қалалық қызмет көрсету саласы колледжінің 2010 жылғы түлегі Ауд. Оқуымды бітірген соң тәжірибеден өтуге қаладағы асханалардың біріне бардым. Ол жерде 4 жыл бойы еңбектендім. Қазір тәжірибелі аспазбын деп айтуға болады. Одан кейін өзім “Жапон” асханасын аштым. Суши әзірлеумен айнлысамын. Мұндай жетістікке жетуім – колледж қабырғасында білім берген ұстаздарымның арқасы.

Бүігінде колледж – шаштаразшы, аспаз, тігінші, кондитер, хатшы-референт – барлығы 6 кәсіп бойынша маман тәрбиелейді. Бұл орайда оқу орнының студенттері сахнаға шығып, өз мамандығы жайлы әңігімелеп, жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Қазіргі уақытта орта арнаулы кәсіптік білім беретін ошақ қабырғасында 326 студент бар. Олардың арасында аспазшы мамандығын таңдағандар көп.

Асхат Ермеков, Петропавл қалалық қызмет көрсету саласы колледжінің студенті:

– Аспаз мамандығында оқимын. Алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсіп мамандығымды жалғастырғым келеді. Өз кәсібімді дөңгелетіп, бас аспаз болғым келеді.

Петропавл қалалық кәсіптік колледжі 2015 жылдың рейтингі нәтижесі бойынша облыстың 10 үздік колледжінің арасында 2-ші орынға, республиканың 100 колледжінің арасында 44-ші орынға тұрақтаған. Ал диплом алған студенттерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 88%-ды құрайды екен.

 

Акбопе Танирберген