МТРА жаңалықтары

Күзгі әскер қатарына шақыру науқаны жалғасуда

Осы білімнің арқасында сарбаздар 1 жыл әскери борыштарын өтегеннен кейін, аталған салада жұмыс істеуге қалуларына болады. Университетте инженер мамандығын игерген Жеңіс Қалқаман әскерде келісім-шартпен қалып, еңбек етсем дейді.

Жеңіс Қалқаман, әскер қатарына шақырылушы:

– Отан алдындағы міндетті орындау әрбір азаматтың парызы деп санаймын. Өз еркімен әскер қатарына сұрандым.

Ал ата-аналары ұлдарын жауапты сапарға шығарып салуға келген. Олар балаларының Отан алдындағы азаматтық борыштарын адал атқаратынына сенімді.

Алма Мұқажанова:

– Немеремді шығарып салып жатырмын. Осындағы барлық жастарға мықты денсаулық тілеймін. Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып келсін.

Сайдың тасындай іріктелген 50 сарбаз 3 ай бойы Жамбыл облысының Гвардейск кентіндегі құрлық әскери бөлімшесінде оқу-жаттығудан өтпек. Одан кейін ғана әскери құрылымдарға бөлінеді.

Мақсат Мұқанов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:

– Осыған дейін күзгі шақырылымда 200-дей азаматты әскери бөлімдерге аттандырдық. Жоспар бойынша қараша айында ҰҚК шекара қызметіне 100 адамды желтоқсан айында 300-дей адамды ҚР ҰҰ-ға жібермекпіз.

Жалпы күзгі әскер қатарына шақыру науқанында өңірімізден 600-ге тарта сарбаз еліміздің қарулы күштерінің қатарын толықтырады деп күтілуде.

Берик Касен