Спорт

Бокстан кіші жастағылар арасында облыс чемпионаты бастау алды

Ақан Жұмабай – жарысқа қатысушы, Ақжар ауданы:

-Менің боксқа қатысқаныма 3 ай болды. Боксқа әкем алып барды. Қазір жаттығып жүрмін.

Сонымен жарыстың алғашқы кездесуі де басталды. Ортаға көк жейдедегі Ақан Жұмабай мен шаршы алаң иесі Олжас Кенжеболатов шықты. Қос спортшы бірінші раундта бірден шабуылға көшпей аңдысып бақты. Дегенмен жекпе-жектің ортан белінде Олжас Кенжеболатов қарсыласына бірнеше жойқын соққы жұмсап, ұпай санымен алға шықты. Бұл жерде қызыл жейдедегі боксшыға бойы мен қолының ұзындығы бәсекелісінен басым түсуге сеп болды. Ал, келесі екінші және үшінші раундтарда Ақан Жұмабай өзінің жұбына еш қауһар көрсете алмай жеңіліс тапты.

Олжас Кенжеболатов – жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

-Қарсыласым орта деңгейдегі спортшы болды. Сондықтан, жұдырықтасу мен үшін оңайға түсті. Бокспен айналысқаныма 1 жыл болғандықтан, барлық айла-тәсіл маған таныс. Соны бүгінгі кездесуде қолдана білдім.

Жалпы облыс біріншілігі 2002-2003 жылдары туылған балалар арасында өтуде. Оған қатысуға 70-ке жуық боксшы өтініш білдірген. Жарыс облыс орталығында 4 күнге созылады.

Азамат Жақиянов – бокстан ҚР спорт шебері, турнирдің төрешісі:

-Бұл турнир облыс орталығында жыл сайын өтеді. Осы арқылы біз балғындардың шама-шарықтарын анықтаймыз. Жарыста көзге түсіп, мықты атанғандарды республикалық сайыстарға дайындаймыз.

Чемпионат жеңімпаздары медаль, дипломломдармен марапатталмақ.

 

 

Култанов Байболат