Спорт

“Құлагер” ХК жаңа ойыншылармен толықты

Жас қорғаушы соңғы екі маусымда аталмыш клубтың негізгі құрамында өнер көрсеткен. Жалпы есептегенде Владимир құрлықтық хоккей лигасында 40 кездесуде “Барыстың” намысын қорғаған. Ал осы жылғы маусымды жас спортшы астаналық “Номад” клубында бастаған. Енді ол “Құлагер” командасының жейдесін киіп, 70-ші нөмірде өнер көрсетпек. Ал керісінше, яғни елордалық “Барыстың” сапын жергілікті “Құлагердің” қорғаушысы Александр Липин толықтырды. Спортшы петропавлдық ұжымда болған кезде барлық 22 матчты ойнаған.

Осы уақыт аралығында 2 нәтижелі ұпаймен көзге түскен. Сондай-ақ, орталық шабуылшы Роман Петров біздің команданың жаңа ойыншысы атанды. 30 жасар хоккейші алдағы уақытта 8-ші нөмірде өнер көрсетпек. Жалпы Роман Петров өзінің мансабын Ярославльда бастаған. Кейін, жоғарғы хоккей лигасында пензалық “Дизель”, перьмдік “Молот-Прикамье” және “Липецк” сынды әйгілі командалардың намысын қорғаған. Соңғы клубта ойнаған кезде шабуылшы 40 кездесуде 5 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген екен.

Ал жергілікті команданың сапын толықтырған соңғы ойыншы – ол 21 жасар Руслан Ибатуллин. Уфалық хоккей мектебінің түлегі осыған дейін жастар хоккей лигасында өнер көрсететін “Толпар” командасының капитаны болып келген. Міндеті қорғаушы болғанына қарамастан спортшының нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай. Руслан Ибаттулин 2014-2015 жылғы маусымда 64, оның ішінде 10-ы плей-оффтық кездесу өткізіп, жалпы есепте 44 ұпай, яғни 18 гол соғып, 26 нәтижелі пас шығарған. Енді жас талант “Құлагер” сапында 55-ші нөмірде ойнайтын болады.

 

Риат Шони