Әр түрлі

Қараша айының үшінші онкүндігінде күн суытады


 

– Қазіргі ауа райы жақсы. Күн енді жылынып келеді. Осылай болса екен деймін.

– Қардың жауғанын тағатсыздана күтіп жүрмін. Достарыммен аққала жасап ойнағым келеді.

– Күн салқын ғой. Қыс жақындаған сайын суыта бастайтын шығар. Біз оған әзірміз.

Синоптиктердің болжамынша қарашада ауаның орташа температурасы минус 7-8 градус болмақ. Сонымен қатар желдің ұйытқу көлемі нормадан артық 19…24 мм деп күтілуде. Ал қарашаның үшінші он күндігінде күн күрт суытып, сынап бағанасы 24…29, кей жерлерде 19 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 18…23, кей жерлерде 13 гр аязды көрсептек.

Дмитрий Шпортько , Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының метеорологиялық болжау бөлімінің инженер-синоптигі

– Бұл айда жиі жел болады. Бірінші онкүндіктің соңы мен екінші онкүндіктің басы және ортасында көк тайғақ болады. Батыстан соқан желдің екпіні күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Десе де, бірінші онкүндікте ауа райы бір қалыпты, жылы болмақ. Тарихқа үңілетін болсақ, қараша айының жылы күні соңғы рет 1995 жылы тіркеліпті. Онда ауа температурасы +10 гр болған. Ал ең суық күні ретінде 1987 жылдың 24 қарашасы есте қалды. Ол кезде сынап бағанасы -37 градусты көрсетіпті.

Қараша айының үшінші онкүндігінде күн суытады

Акбопе Танирбергенова.