МТРА жаңалықтары

Айыртау ауданында жаңа мешіт ашылды

Ғимарат аумағы – 196 шаршы метрді құрайды. Ал мешіт мұнарасының ұзындығы – 11 метрге жетеді. 100 орынға шақталған жаңа нысанда бір мезетте 75-і ер адам мен 25 нәзік жанды намазға жығыла алады. Қарасай ауылы мешітінің имамы болып Орақ Нашарбаев тағайындалды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров қатысты. Өз кезегінде өңір жетекшісі жаңа мешіттің ұжымына жеңіл автокөлік сыйға тартты. Айта кеткен жөн, діни орын солтүстікқазақстандағы 67 мешіт болып тіркелді. Алдағы уақытта жаңа ғибадатхана Тайынша ауданының Келлерова ауылында ашылмақ.

 

Култанов Байболат