МТРА жаңалықтары

Петропавлда казино ойынын ұйымдастырған заңсыз бизнес иесі құрықталды

Еркін Ғалиақпаров – СҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі:

-Тінту жұмыстары бірден 8 нүктеде жүргізілді. Нәтижесінде 48 процессор, қомақты сомадақы ақша және құжаттар табылды.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары заңсыз бизнестің кіріс-кассалық чегі, келушілердің жеңімпаз журналы, жазбалар жүргізілген дәптерлер мен блокноттар сынды құжаттар табылған. Бастысы олар құмар ойынның ұймдастырушысын инкассалау кезінде құрықтапты.

Еркін Ғалиақпаров – СҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі:

-ҚР Қылмыстық кодексінің «Заңсыз бизнес ойындарын ұйымдастырғаны үшін» 307-ші бабына сәйкес Петропавл қаласының 30 жасар тұрғыны уақытша қамау изоляторында жатыр. Әзірге сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Жеңіл жолмен ақша табамын деушілер жасырын ломбардтар мен компьютер клубтарында жиналып, ғаламтор арқылы құмар ойындарын ойнапты. Енді аталмыш бизнес иесіне 2 жыл бойы темір тордың ар жағында отыруға тура келеді.

 

 

Айгерим Ержанова