Қоғам

Петропавлда Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік өкілдері дәріс өткізді

Михаил Щербаков – “Щербаков” ЖК директоры:

– Менің жылыту құрылғым күн көзінің қуатымен іске қосылады. Алюминийден жасалады, табиғи таза өнім. Адам өміріне ешқандай зияны жоқ. Енді осы еңбегімді саудаға шығарғым келеді. Ол үшін арнайы бояуларды сатып алып, құрылғыны бояу қажет. Сол үшін маған қаражат керек.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік өкілдері теріскейлік кәсіпкерлерге өз талаптарын нақтылап түсіндірді. Биылғы жылы агенттікте жалпы сомасы 800 миллион теңгені құрайтын 9 грант бөлу қарастырылған. Олар құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, робот жасау, фармацевтика салаларына қатысты.

Ұлдай Жаркенова – Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің біліктілікті арттыру орталығының сарапшысы, Астана қаласы:

– Ең алдымен өтініш білдіру қажет. Сосын кәсіп иесі өзінің ісін бізге толық түсіндіріп, болашағы жайлы айту қажет.

Елордалық меймандар біздің өңірден бөлек еліміздің алты аймағында болған. Онда да кәсіпкерлерге өздерінің тың жобалары жайлы баяндаған.

Бакыт Садуакасов