Аян Құсайынов – Петропавл қаласы бойынша ТЖБ аға инженері:
– Міне, мына үйде өткен айда өрт орын алды. Қызыл жалын 85 шаршы метр жерді шарпыды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Оттың пайда болуына тұрғындардың салғырттығы себеп болған.
Сол жағдайдан сабақ алмаған тұрғындар әлі сол жартылай жанған, шұрық-тесік баспанада өмір сүруде. Көршілері болса, мұнда ішімдікке әуес жандар тұрады дейді. Сондықтан осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құтқарушылар үнемі алдын алу шараларын өткізіп тұрады. Қала тұрғыны Думан Мейрамғалиев пешінің жағдайын күнде қадағалап отырады.
Думан Мейрамғалиев – қала тұрғыны:
– Күн сайын тексеріп тұрамын. Күніне екі рет Шұбаркөл көмірін жағамыз. Өрт сөндірушілер тексеріп тұрады.
Жалпы жыл басынан бері Петропавл қаласында 202 өрт оқиғасы тіркеліпті. Қызыл жалын 47 млн теңгеден астам шығын келтірген. От 5 адамның өмірін жалмап, 10 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.
Аян Құсайынов – Петропавл қаласы бойынша ТЖБ аға инженері:
– Оттың шығуына көп жағдайда тұрғындардың өздерінің салғырттығы сеьепші. Ондай 81 жағдай тіркелсе, тағы 49 өрт оқиғасының орын алуы электр құрылғыларын, 35 оқыс жағдай пештерді дұрыс пайдаланбау салдарынан болған.
Ал ағымдағы жылы өңірде 625 өрт оқиғасы орын алып, 23 адам қаза тапқан.
Магжан Ахмадина