Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облысқа Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев келді

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біздің облысқа Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев бастаған делегация келіп отыр. Қош келдіңіздер. Еліміздің ардагерлері мемлекеттегі әр үлкен істің басы-қасында. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаудағы ардагерлеріміздің үлесі ерекше. Олар ұзақ жылдардан бері өздерінің бай тәжірибелерін, білімдерін еліміздің дамуына, жас ұрпақтың ертеңіне арнап келеді.

Басқосуда облыс әкімі Ерік Сұлтанов астаналық мейманға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай шаһардағы жеңіс саябағының күрделі жөндеуден өткенін айтты. Өз кезегінде Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев қарттарға жасалған жағдайға оң бағасын берді.

Өмірзақ Озғанбаев – ҚР Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Құрметті азаматтар біздер Солтүстік Қазақстан облысына үлкен жоспармен келіп жатырмыз. Бұл сапарымызды “Ардагерлер күні” деп атадық. Бұл облыста үлкен жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз осы республикадағы ардагерлер ұйымдарының ішінде осы өңірде атқарылған жұмыстарға жоғары бағалап отырмыз.

Жалпы Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев – облысқа жасаған 2 күндік жұмыс сапары барысында қаладағы ардагерлер ұйымдарымен кездесіп, шаһардың көрікті жерлерін араламақ. Жиын соңында өңір жетекшісі мейманға облыстың тарихы жайлы кітапты сыйға тартты.

 

Бакыт Садуакасов