Қоғам

«АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандардың инклюзивті дамуы туралы жиын өткізді

Жиында кембағал жандарды мазалап жүрген сұрақтар талқыға салынды. Мәселен, қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар нысандардағы пандустардың жайы. Петропавлдағы жалғыз ЖОО-да да мүгедектерге арналған осындай өткелдердің жоқтығы туралы айтылды.

Жиында сондай-ақ, бірлестік мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандардың ата-аналары мен туған-туыстарына психологиялық көмек көрсетіп отыру қажеттігін де қозғады.

Сәлімхан Сәбитов – «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі директорының орынбасары:

 

–  «АРДОС-Жүрек» бірлестігі облысымыздың әр ауданына барып, түрлі іс-шаралар өткізді. Біз сапарлар барысында шалғайдағы мүмкіндігі шектеулі адамдармен кездесіп, пікір алмастық. Жеке өзімізге қатысты проблемаларды қарастырдық. Ұсыныстарын тыңдадық. Ал бүгін бұл мәселені көптің алдына салып отырмыз. Қордаланған сұрақтардың жауабын бірлесіп іздейміз.

Айгерим Ержанова