Қоғам

Бастауыш ардагерлер ұйымының жұмысы қорытындылануда

Қазіргі таңда ел бойынша 4 мыңға жуық ҰОС-ның ардагері мен 200 мың тыл еңбеккерінің көзі тірі. Меймандар артынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ті жанында құрылған бастауыш ардагерлер ұйымының жұмысымен танысты. Бүгінде ұйымға 302 зейнеткер мүшелік етеді. Оның біреуі ҰОС-ның ардагері болса, 31-і – тыл еңбекері, қалғандары – зейнеткерлер. Университет ұжымы жылда қарттарды қолдау айлығында қарияларға 1 млн теңге қаражат бөледі екен. Осы тұста айта кетейік, ресми мәлімет бойынша қарттарды қолдау айлығы аясында өткен шаралараға ел бойынша 800 мыңға жуық адам қатысыпты. Игі шараның аясында аға буын өкілдеріне 3 млрд теңгенің материалдық көмегі көрсетілген екен. Мұны орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев айтты. Елордалық мейман өңірімізде 2 күндік жұмыс сапары барысында Мамлют ауданына соғып, қарттар, жастармен кездеспек.

Өмірзақ Озғанбаев, ҚР Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Бүгінде ел бойынша 11 мыңнан астам бастауыш ұйым тіркелген. Қазір аудандар мен облыстарда конференциялар өтуде. Жиында ардагерлер ұйымдарының бір жылда атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалады. Осы конференциялардың легі келер жылдың сәуір айында республикалық съезбен аяқталады.

Берик Касен