Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жұмысшы кентінде балабақша құрылысы жүргізіліп жатыр

Өмірсерік Шәріпов- «Ақмола энергияжөндеу» ЖШС жұмысшысы:

– Қазіргі таңда осы құрылыстың ішінде лифттік шахта қалап жатырмыз. Ол арқылы екінші қабатқа ас көтеріледі. Жалпы құрылыста елімізден шыққан материалдар қолданылып жатыр. Олар сапалы, жұғымды әрі тиімді.

Жалпы 320 орынға шақталған балабақша құрылысы аяқталуға жақын. Бүгіндері барлық шаруаның 70 пайызы тындырылған. Мердігер компания басшысы Ислам Макаев нысан уақытылы, яғни жыл соңында тапсырылады деп отыр.

Ислам Макаев-«Ақмола энергияжөндеу» ЖШС директоры:

– Бүгіндері сыртқы алаңның коммуникациясы 90 пайызға даяр. Қарашада толығымен нысанның ішін әрлеп, 10-шы желтоқсанда жиһаздарды енгіземіз. Тағы аббаттандыру шаруаларымен айналысатын боламыз. Нысан батпақты жерде салынып жатқандықтан басында қиындықтар болған. Қазір ол мәселе шешіліп отыр. Құрылыста тек отандық материалдарды қолданып жатырмыз. Сапасы жақсы.

Айта кету керек, әлеуметтік нысанды «СевКазЭнерго» АҚ жеке қаражатына тұрғызып жатыр.

Александр Семенчук- «Севказэнерго» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі басшысының міндетін атқарушы:


–  Жобаны жасағанда бұл жер бекерден-бекер таңдалған жоқ. Біз қай ауданда ең көп балабақшаға қажеттілік бар екендігін ескердік. Сондай-ақ, бұл Елбасының мемлекеттік-жекенкеншік әріптестікті дамытуға қойған тапсырмасын орындаудағы бір қадам болып отыр.

Қазіргі таңда құрылыс алаңында 130-ға жуық адам еңбек етуде.

Магжан Ахмадина