Білім

Өңірдің статист мамандары жергілікті өндіріс орындарында сауалнама жүргізді

Олардың тең жарымында осы жылдың 3-ші тоқсанындағы тауар айналымының көлемі былтырғы көрсеткішпен бірдей екендігі анықталды. Кәсіпорындардың 24 пайызында өндіріс көлемі артқан. 27-сі тауар айналымының күрт төмендеп кеткенін айтқан. Ішкі нарықтағы бәсекелестіктің артуына байланысты серіктестіктер мен кәсіпорындардың 72 пайызы қаржы-экономикалық жағдайға қанағаттанарлық деп баға берген. Ал 11 пайызы жақсы деген пікірін білдірсе, қалған 17-нің мүлдем көңілдері толмайды. Жалпы, осындай көрсеткіштің байқалуына өндіріс орындарының өнімдеріне деген ішкі нарықтағы сұраныстың төмендеуі мен бәсекелестіктің артуы себеп болып отыр.

 

Бакыт Садуакасов