Құқық қорғау органдары

Айыртау ауданында 4 Сібір елігін заңсыз атқан Көкшетау тұрғындары ұсталды

Олар негізінен ағаштар мен бұтақтарды кесу, балық аулау мен қару-жарақты рұқсатсыз пайдалану. Сондай-ақ, аңды заңсыз аң аулаудың 191 фактісі анықталып отыр. Соңғы оқиға қазанның 23-і күні Айыртау ауданында орын алған. Аталмыш ауданда кешкі сағат 20-00-де ішкі істер бөлімінің қызметкерлері “Браконьер” жедел-алдын алу шарасы аясында тексеріс жүргізеді. Нәтижесінде Антоновка селолық округі маңында Митсубиси Паджеро көлігімен кетіп бара жатқан төрт көкшетаулық азамат құрықталды. Көршілес қала тұрғындарының машинасында салмағы 738 келіге жететін 4 Сібір елігінің жемтігі табылған. Айта кету қажет, ұсталған азаматтардың аталған жануардың біреуін ғана атуға рұқсаты болған.

Алмат Дүйсекин – СҚО ІІД табиғатты қорғау инспекторы:

– Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 337 бабы 4-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер ұсталған азаматтар кінәлі деп табылса онда 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Риат Шони