Қоғам

Жартылай дайын өнім шығаратын “Эмират” цехы тұтынушылар арасында ұтыс өткізді

Оксана Гусельникова – «Эмират» жартылай дайын өнім цехының сауда бөлімінің басшысы:

 

– Бұл ұтысқа біздің тауарды тұтынатын адамдар ғана қатыса алады. Ереже бойынша клиент сатып алған 3 өнімнің қаптамасын ойынға қатысатын 1 купонға айырбастай алады. Осылайша, олар ұтыс қатысушысы атанады. Жалпы бұл туралы біз өткен мамыр айында жариялаған болатынбыз. Ал бүгін үлкен ұтыс болғалы тұр. Бұл шараға осыншама көп адам жиылады деп күтпеген едік.

Жалпы ұтысқа жүлденің 24 түрі қойылды. Оның ішінде радиотелефон, үтік, шаңсорғыш, электр шәйнегі мен теледидар бар. Ал бас жүлдеге газ плитасы қойылыпты. Сонымен ойын басталды. Бірінші жеңімпаздың есімі де белгілі болды. Ол – 76 жастағы Инна Ульянова.

Инна Ульянова – ұтыс жүлдегері:


– Менің балам жартылай дайын өнімдерді жақсы көреді. Сол себепті, мен «Эмират» цехы шығаратын тағамдарды алып беремін. Өзіме бұл марка ұнайды. Қамыры жақсы. Мұндай жүлдеге ие боламын деп те ойламадым. Көп рахмет.


Лототроннан шыққан әр купондағы сан қатысушының қолындағы билеттің нөмірімен сәйкес келуі тиіс. Сонда ғана жеңімпаз есімі расталып, сыйлығы табыс етілетін болады. Әр қатысушы бұл ұтыстан жүлдегер атануға мүдделі. Барлығының күткені бас жүлде. Сонымен газ плитасының иесі де белгілі болды.

Надежда Воротникова – бас жүлде иегері:


–  Біз көбіне бұл цехтың дайындаған мәнтісін аламыз. Отбасымызбен сүйсіне жейміз. Өте дәмді. Жалпы бұл ұтыста бас жүлдеге ие боламын деп ойламадым. Енді ас үйде жаңа газ плитада балаларыма тамақ пісіретін боламын.

Сондай-ақ, бұл күні қонақтарға арнайы дастархан жайылды. Үстелге «Эмират» цехының дайын өнімі қойылды. Ұтысқа қатысушылар тағамдардың сапасын жоғары бағалауда.

–  Өте дәмді. Бұл өнімді біз жиі сатып аламыз. Өзімізге ұнайды. Әсіресе, котлет.


–  Маған мұндағы тұшпара қатты ұнады. Дәмі тіл үйіреді. Тамаша.

Айту керек, «Эмират» цехынан айына жартылай дайын өнімнің 10 тоннасы шығарылады.

Айгерим Ержанова

bsp;