Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшылар жарады

Татьяна Климчук 1500 және 3000 метрлерде үздік атанса, жарты шақырымда күміске қол жеткізді. Ал, Дмитрий Бабенко 1500 метрге жүгіруде екінші, 5000 метрде ел чемпионы атанды. Дәл осы қашықтықта теріскейлік Федор Андреев қола медаль тағынды. Жерлесіміз Роман Креч 500 метрде жеңімпаз деп танылса, 1 шақырымда тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Илья Рысев үш мың метрде қоланы қанағат тұтып ҚР спорт шебері нормативін орындады. Әйелдер арасындағы командалық спринтта СҚО құрама қарсыластарын шаң қаптырды. Сонымен қатар, чемпионатта Вячеслав Зарецкий спорт шебері, ал, Марина Пермякова спорт шеберіне үміткер нормативтерін орындады.

Култанов Байболат