Аптадағы маңызды жаңалықтар

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында кезекті брифинг өтті

Бүгіндері соның 61 мыңы тапсырылыпты. Қазіргі таңда теріскей елді мекендерінің 93 пайызға жуығы қоғамдық көлік байланысымен қамтылған. Тағы ағымдағы жылы Петропавл халықаралық әуежайын қалыпқа келтіру жұмыстары бастау алды. Нысанды жөндеу шараларына 6,2 млрд теңге қаржы бағытталыпты. Сондай-ақ, облыста жылыту маусымына дайындық та тиісті деңгейде жүргізілген.

Владимир Бубенко – СҚО әкімінің орынбасары:

 

– Бүгіндері облыс жылыту маусымына 100 пайыз дайын. Өңірде 544 қазандық жұмыс істейді. Жауапты науқанға дайындалуға 1,8 млрд теңге бағытталған. Ағымдағы жылы 62 білім беру және 10 денсаулық сақтау нысандарындағы қазандықтар жөнделді. Көмір қоры жеткілікті мөлшерде әкелінді.

Биылғы жылы ауылдарға су тарту үшін 7 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

Владимир Бубенко – СҚО әкімінің орынбасары:

– Ағымдағы жылы Соколов топтық су тарату жүйелерінде қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталды. Енді ондай шаралар Пресновкада жүргізіледі. Облыс орталығындағы кәріздік желілерді жөндеу шаруалары жалғастырылады. Биыл 7 елді мекенге су беріліп, тағы 44-інде сумен қамту мәселесі біршама реттелмек. Ал 2016 жылы бұл салаға 20 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр.


Бүгіндері өңір жолдарының 47 пайызының сапасы көңіл көншітпейді. Оларды жөндеуге биыл 5,3 млрд теңге қаржы жұмсалыпты. Нәтижесінде 252 шақырым жол қалыпқа келтірілген. Тағы қалада 10 көше жөнделді. Осы ретте журналистер «Астана-Петропавл» бағытындағы тас жолдағы жүргізіліп жатқан жұмыстар қашан аяқталатындығын сұрастырды.

Владимир Бубенко – СҚО әкімінің орынбасары:

 

– Қалыпқа келтіру шаралары толығымен 2016 жылы аяқталады. Биыл 55 шақырымдық 2 учаске тапсырылады. Сосын келесі жылға шағын ғана бөлігі қалдырылады. Кейін ол тас жолды толығымен аяқтаймыз.

Жиында журналистер өзге де маңызды тақырыптарды қозғап, тұшымды жауап ала алды.

Магжан Ахмадина