Спорт

Петропавлда “Саздағы ойындар” жарысы өтті

Жарыс шарты бойынша шабандоздар аздаған уақыт ішінде саз-батпақты ой-шұқыр арқылы мың жарым метр жолды бағындырулары керек. Тапсырманы орындау ешбір қатысушыға оңайға соққан жоқ. Тіпті, сайыс барысында мәре сызына жетпей батып қалып жатқан автокөліктер болды. Алайда, жарыс жолында тапқыр да шебер жандар кездесіп, ережені сақтағандар да табылды. Жарыстың қорытындысы бойынша ең үздік нәтижені Василий Джима көрсетті. Жеңімпаздардың барлығы диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Александр Градволь – “Саздағы ойындар” жарысын ұйымдастырушы:

– Биылғы жарысты қардың жаууымен тұспа-тұс келді. Сол себепті, біз сайысты қызықты болу үшін ақ ұлпаның астынан лай-батпақты қазып шығардық. Содан машиналар батып, бәсекенің көркін қыздырды.

Култанов Байболат