Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жылудың құны өсуі мүмкін

Игорь Рыбас – «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директоры:

– Ал магистральдық желілерді айтар болсақ, ондағы тозудың көрсеткіші тіптен жоғары, 85 пайызға жеткен. Сондықтан, жамаудың үстіне жамау қосқанша жүйелердің барлығын алмастыру қажет. Жалпы біз жылына 15 шақырым жылу құбырларын ауыстыру керекпіз. Алайда, қазір ол мүмкін болмай отыр. Оның үстіне біз 5 жылдан бері тарифті көтерген емеспіз.

Өтініш қолдау тапса, онда тариф алдағы 5 жылға қабылданады. Қоғамдық тыңдауға келген петропавлдықтар болса, мұндай сома тіптен ойға қонымсыз дейді. Онсыз да әр тиынды санап, күнелтіп отырған зейнеткерлердің айтуынша коммуналдық қызмет ақысының бұлайша шарықтауы негізсіз.

Нашраф Гарифова – зейнеткер:

 

– Мен зейнеткермін. 40 жыл еңбек етсем де, 36 мың теңге аламын. Өте аз. Тарифтер жыл сайын өседі. Оның үстіне азық-түлік бағасы бар. Сонда менің зейнетақым тек коммуналдық қызмет ақысын төлеуге ғана жететін болғаны ма? Қазір есептеп көрсем солай шығып тұр.

Жалпы тозығы жеткен желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорын Европалық қайта құру және даму банкінен 4,5 млрд теңге несие алуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек тағы 2,5 млрд теңге өз қаржысын жұмсамақ.

Магжан Ахмадина