Николай Тихненко – байқауға қатысушы:
– Өлең айтады.
Сайысқа қатысушылардың тағы бірі – Саида Бекбуди. Бойжеткен биыл “Серпін” мемлекеттік бағдарламасы арқылы Оңтүстік Қазақстаннан теріскей жеріне оқуға түсіпті. Саиданың әкесі – ирандық, анасы орыс болса да өнерпаз қыз өзін қазақпын деп санайды.
Саида Бекбуди – байқауға қатысушы:
– Мен қазақ тілін өзімнің ана тілім деп санаймын.
Саида байқауда қазылар алқасының көңілен шығу үшін қазақ халқының ұлттық киімін де киіпті. Сахнада ол “Алтын бесік” әнін шырқамақшы.
Айта кеткен жөн, қаламызда “Тіл – достықтың алтын көпірі” атты сайыс екінші рет өтіп отыр. Биылғы жылы шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған. Оған қатысуға жалпы саны жиырмаға жуық өнерпаз өтініш білдіріпті.
Сағындық Салмұрзин – “Қоғамдық келісім” КММ бас маманы:
– Басты мақсатымыз – өзге ұлттарды өз тілімізге үйрету. Басқа халық өкілдері қазақша білу керек.
Сайыс соңында жеңімпаздар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Култанов Байболат