МТРА жаңалықтары

Кезекті тәртіптік кеңес отырысы өтті

Оның үстіне өтініш- шағымдары бар тұрғындар аудандық әкімдіктің сайтына өз бұйымтайын қалдыра алады екен. Жыл басынан 400-ден астам айыртаулық осында өтініш жазған. Олардың барлығы уақытылы қарастырылатын көрінеді. Десе де, жиында сөз сөйлеген аудан әкіміне кеңес мүшелері мемлекеттік сатып алулар кезінде бақылауды күшейтуді тапсырды. Кейін бармақ бастылық, көз қыстылыққа жол берген Петропавлдағы жас натуралистер станциясы директорының ісі қаралды.

Жанат Жұмабаев- тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі.

-2012 жылдың 24 шілдесінде жұмысына кіріскен Ғалым Темірбеков өзінің бір қызметкеріне станция аумағына жол төсеп беру үшін жеке кәсіпкерлердің бірімен келіс деп бұйырған. Құны 180 мың теңге болатын жұмыстар жүргізілген. Алайда ешқандай құжат болмағандықтан ақы төленбеген. Кейін ол күзетші ретінде өзінің туған бауырын жұмысқа алыпты. Алайда ол 3 ай жұмыста болмағанда оның орнына кезекшілікті өзі жүргізген. Ал жалақы ойдағыдай жүргізіліп отырған. Оның үстіне станция гараждарын өз мақсатында пайдаланған. Яғни жеке кәсіпкерлердің көліктерін қойып келген.

Алайда Ғалым Темірбеков өз кемшгілігін мойындамақ емес. Тындырылған шаруаның барлығы станцияның ісін өрге домалату мақсатында жасалды деп отыр.

Ғалым Темірбеков- Жас натуралистер станциясының директоры.

-Іске қатысты айтар болсам, біздің станция өте ескі. Бірде бір көлік жоқ. Сондықтан қойылған көліктер кей кездері бізге де қызмет ететін. Ол үшін мен ақы алған жоқпын. Ал күзетшілердің бірі менің бауырым екені рас. Ол қазан айында ауырып қалды. Сондықтан бөтен біреуді жұмысқа алмас үшін, 7 рет оның кезекшілігіне өзім шықтым. Оны растаймын.

Аталмыш іске қатысы бар деген адамдардың барлығы тыңдалды. Бірақ кеңес мүшелері станция директорын жұмыстан босату жөнінде шешім қабылдады. Бұдан кейінгі қаралған 5 іс бойынша да тиісті шешімдер шығарылды.

 

 

Магжан Ахмадина.