Аптадағы маңызды жаңалықтар

Электр тасымалдаушы кәсіпорын тарифті өсіру жөнінде өтінім ұсынды

Арман Өтегенов- СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы:

-Монополист 74 пайыз өсіруді сұрайды. Негізгі себептер шикізат және басқа да материалдарға бағаның өсуі, жалақының төмендеуі дейді.

Бағаны өсіруге бұдан бөлек бірнеше себептер бар дейді мұндағылар. Өйткені кәсіпорын алдағы бес жылда ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Осыған дейін еліміздің барлық электр желілерін тарату компанияларының тарифі салыстырмалы анализ әдісін қолдану арқылы бекітіліп келген. Ал 2016 жылдан бастап олар жаңа жүйеге көшпек.

Виталий Фесько- «СКРЭК» АҚ бас директорының орынбасары:

-Бірінші кезең 2016 жылдан басталады. Яғни, үстіміздегі жылы тариф 50 пайызға көтеріледі. Ал 2020 жылға дейінгі қалған 4 жылда инфляцияға сай, 8 пайызға өсіріп отырамыз. Егер бұл тариф бекітілсе, онда 1 киловат сағатына 5,342 теңге қарастырылған.

Өтініш әлі бектілмесе де, қоғамдық тыңдауға келгендер, әрине мұндай бағаның өсуіне наразы. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тариф 2013 жылы көтеріліпті.

 

 

Магжан Ахмадина