Білім

Жыл үздігі – 2015

Үш апта бойы оқып болған соң олар қазанның 23-і күні қолдарына тиісті куәліктерін алады.
Балапия Сұрағанова – Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының маманы. Жиырма бірдегі жас маман мұнда алған білімімді өз қызметімде ұтымды пайдаланамын деп отыр.

Орталық жылына 1500 тыңдаушыны қайта даярлап, біліктілігін арттырады екен. Ал, ендігі уақытта олардың санын көбейту көзделіп отыр. Себебі, жақында бұл жерде екі бірдей жаңа аудитория ашылып, олар интерактивті тақталармен жабдықталды.

Сәуле Нұрсейітова, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру өңірлік орталығы ақпараттық технологиялар кобинетінің меңгерушісі:

-Сабақтарды жаңа кабинетте жаңа құрылғының көмегімен өткізіп жатырмыз. Мына тақтаның оқытушыға тигізер пайдасы мол. Оны пайдалану ыңғайлы әрі айтылғанды тыңдарманның есінде жақсы сақтап қалуы үшін де көмегі бар.

Орталықта Сәуле Нұрсейітовадан өзге 129 оқытушы бар.
Биыл мекеме мамандарының 9 жылдан бергі еңбегі халықаралық дәрежедегі байқауда бағаланып отыр. Халықаралық Ұлттық бизнес-рейтинг одағы ұйымдастырған сайысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина және Әзірбайжан елдерінің осындай орталықтары қатысыпты. Араларында солтікқазақстандықтар үздік деп танылды.

Татьяна Лебедева, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры:

-Халықаралық дәрежеде жеңімпаз атанғанымыз еңбегіміздің жанғаны. Мекемеміз «Рейтинг алтыны» жүлдесін алды. Үш бірдей маманға арнайы сертификат табысталып, орталықтың есепшісі «Экономика мақтанышы» медалін тағынды. Ал мекеменің директоры ретінде маған «Кәсіби салада сіңірген еңбегі үшін» ордені табысталды.

Жыл басынан аталмыш орталық мың жарым мемлекеттік қызметшінің мыңнан артығын қайта даярлап шығарған.

 

Акбопе Танирберген