МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Қызылжар ауданынада болды

Бұдан соң өңір жетекшісі кәсіпкерліктің дүкеніне ат басын бұрды. Сапалы әрі әдемі орындық, үстел, шкафтар көздің жауын алады. Ең бастысы олар шетелден әкелінген емес, өзімізде жасалынған. Мұндағылар жиһаздың 70-ке жуық түрін шығарады. Жуырда жұмсақ корпустық және қуыршақтарға арналған жиһаздар өндірісін іске қосыпты.

Дүкенде болған аймақ басшысы жиһаздардың сапасын байқап көрді. Ыңғайлы әрі әдемі тауарлар сұранысқа ие. Мұнда жасалған өнімдер көршілес Түмен облысына жеткізіледі. Күн сайын ағашты өңдеп, сырлап, одан сапалы жиһаз даярлау үшін мұнда 70-ке жуық адам еңбектенеді. Тапсырыстар саны артқан сайын жұмыс күшіне деген қажеттілік туады. Сондықтан, кәсіпкер қазір станоктарда жұмыс істейтін ұсталар, сырлаушылар, ағаш шеберлері қажет дейді. Бұл ретте облыс әкімі Ерік Сұлтанов тиісті ведомство басшыларына қайта даярлық курстарында осындай қызметкерлерді оқыту қажеттігін айтты.

Бұдан соң өңір жетекшісі ағымдағы жылдың шілде айында Бескөлде қолданысқа берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Нысан бүгіндері қысқа сақадай сай. Қазір мұнда 36 жаттықтырушы еңбек етеді және 700-ге жуық бала спортпен шұғылданады.

Жанат Елеусізов – Қызылжар ауданының БЖСМ директоры:

-Волейбол, баскетбол, шығыс жекпе-жектері секциялары ашылған. Фитнес залдарын және көркем гимнастика секцияларын ашу ойда бар.

Нақ осындай спорт кешендері өңіріміздің тағы 2 ауданында бар. Қазір тағы мұндай нысан Шал ақын ауданында бой көтеруде.

 

 

Магжан Ахмадина