Ауылдардың дамуына жағдай жасап отырған кәсіпкер

Қоғам

13:14 21 Қазан 2015

Людмила Зельденрайх – Новомихайловка аулының тұрғыны, Мамлют ауданы:

-Осыған дейін көрші елді мекенінде тұрған болатынбыз. Онда дүкен, балабақша, мед пункт болған жоқ. Ауылдан бәрі көшіп жатыр. Мектеп жабылды. Сондықтан, біз Новомихайловкаға көшіп келдік. Жұбайым жұмыспен қамтылып, осы баспананы берді. Қызым қазір шағын орталыққа барып жүр. Жағдайымыз жақсы. Алдағы уақытта өзім де жұмысқа шықпақ ойым бар.

Жаңа баспана кең, жылы, әрі суы тартылған. Оны тұрғызуға кәсіпорын қаржы бөліп, жобасын үй иелері өздері таңдаған. Енді отбасы серіктестік берген қаражатты пайызсыз айына 20 мың теңге төлеп 15 жыл ішінде қайтаруы тиіс. Жалпы кәсіпорын өз жұмысшылары үшін осындай 5 баспана тұрғызған. Ауылдықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ат салысып келе жатқан «Новомихайловское-2003» серіктестігінің директоры Геннадий Щеголев жыл сайын ауылды аббаттандыру шараларына 10 млн теңге қаржы бөледі екен. Нәтижесінде елді мекен гүлдене түсуде.

Геннадий Щеголев – «Новомихайловское-2003» ЖШС директоры, Мамлют ауданы:

-Жолдарға асфальт төсеп, жөндейміз. Көшелерді жыл сайын аббаттандырып, сырлап, әктейміз. Ағаштар отырғызылады. Ауылдан адамдар кетпес үшін үйлер тұрғызып жатырмыз. Олар аса қымбат емес. 6 мен 9 млн аралығында. Соның 50 пайызын біздің мекеме төлейді. Қалғанын тұрғындар қайтарады. Білікті мамандар өзімізге керек. Сондықтан, осындай шаралар қолға алынуда. Қазір міне ауылдықтарға қажет деп шіркеу тұрғызып жатырмыз. Оған да қаржы бөлдік. Тағы тұрғындар берген садақалар есебінен салануда.

Жалпы Новомихайловка аулында 290 үй түтін түтетіп отыр.

Магжан Ахмадина

Бұдан әрі оқыңыз

Анасы мен қызын өлтірген Игорь Дементьев 21 жылға сотталды
Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Петропавлға келді
Сәлімхан Сәбитовтің жобасы республикалық байқауда жүлдеге ие болды
Мектеп оқушылары дебат турнирінде бақ сынасты
М.Жұмабаев ауданының тұрғындары шаштараз мамандығын меңгеруде
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналып экскурсия ұйымдастырылды
Петропавлда “Покровский перезвон” фестивалі өтті
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтілді
Облыс орталығында жүзім фестивалі өтті
Көктемгі су тасқынына әзірлік
“Үздік техникалық жобалар” байқауының облыстық кезеңі өтті
Мүгедек жандар өнерлерін паш етті