Денсаулық сақтау

Солтүстік Қазақстанда сүт безі ауруының алдын-алуға бағытталған 10 күндік жүріп жатыр

Ермек Әбдірімов, Облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері:

-Биылғы тексеру жұмыстарының нәтижесінде 31 кеуде обыры анықталды. Ал 1038 әйелдің кеуде обырына дейінгі кезеңдегі ауруларға шалдыққаны анықталып отыр. Олардың барлығы тіркеуге алынды.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл дертке көбінесе 50 жастан асқан әйелдер шалдығатын көрінеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір жастардың арасында кездесетін болған. Бірақ, сирек. Жуырда жергілікті мамандар 11-сынып оқитын қыз баланың қатерлі ісік дертіне душар болғанын анықтаған. Дәрігерлердің дер кезінде араласуынан бойжеткен қажетті ем-домды қабылдап, ауруынан айығыпты.
Ақ халаттылардың кеңесі бойынша обыр ауруының алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды.

Ирина Артющик, «СҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС дәрігері:

-Майлы, қуырылған және қақталған тамақтарды көп пайдалану, алкогольдік ішімдіктерге әуестену және шылым шегу қатерлі ісікке ұрындырады. Сондықтан, аталған жайттардан бас тартып, жеміс-жидек, көкеністі көбірек пайдалану керек.

Қазір өңірде қазанның 12 мен 21 аралығында сүт безі ауруларының алдын алуға арналған онкүндік өткізілуде. Айту керек, жыл басынан бері қатерлі сырқаттың салдарынан көз жұмған петропавлдық тұрғындардың саны 12,8 пайызды құрап отыр.

 

 

Акбопе Танирберген