МТРА жаңалықтары

СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

“Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелде білім алған. Евгений Глотов еңбек жолын 2006-шы жылы Қазақстан жастары Конгресінің менеджері болып бастаған. 2007-2008 жылдары “Есірткісіз болашақ” корпоративтік қорының атқарушы директоры қызметін атқарса, кейін 2014-ші жылға дейін Қазақстанның ауыл жастары одағының төрағасы болып еңбек еткен. Ал 2010-шы жылдан бері қарай бірнеше коммерциялық ұйымда жұмыс істеген. Ағымдағы жылдың шілдесінен СҚО әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды. Жаңа лауазымға тағайындалууға дейін Солтүстік Қазақстан облысы аппаратында ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлім меңгерушісі болып еңбек етті.

 

Бакыт Садуакасов