Құқық қорғау органдары

СҚО республикалық “Автобус” іс-шарасы аяқталды

Жүргізушілердің көбі жол жүріп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені үшін және қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан ұсталған. Бұл тізімде 4т бағытында жүретін автобустың жүргізушісі бар. Ол осы уақытқа дейін куәлігінің мерзімі өткеніне қарамастан темір тұлпарды тізгіндеп жүре берген. Бірақ, аталмыш шара барысында азаматтың бұл әрекеті әшкереленген. Кейін көлік иесіне айыппұл салынып, автобусты айып тұрағына жіберген. Ұқсас оқиғамен облыс орталығындағы таксистердің бірі құрықталды. Ол көлік жүргізішісінің құжатынан машинаны мас күйінде тізгіндегені үшін айырылған.

Константин Пахота – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

-Бұл азаматтың көлік жүргізуші куәлігінің жоқтығы анықталды. Бірақ соған қарамастан, ол жолаушылар тасымалымен айналысқан. 1992 жылы туған жігіт Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты. Тәртіп бұзған жүргізуші маған жұмыс қатты керек деп ақталуда.

 

Айгерим Ержанова